Үш адам ауруханаға жеткізілді
6 наурызда таңғы сегіз жарым шамасында Ақтөбе облысындағы Ақтөбе-Астрахань тас жолының 120 шақырымында екі автокөлік соқтығысты деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
«Сағат 08:41-де оқиға орнына "Қандыағаш" трассалық медициналық-құтқару пунктінің бригадасы шықты. Зардап шеккен 5 адам көлікте өртеніп кетті. Басқа көліктегі зардап шеккен 3 адамға шұғыл медициналық көмек көрсетіліп, Қандыағаш қаласындағы ауруханаға жатқызылды», - делінген хабарламада.