Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Қазақстан есірткіні тұтынудан әлем бойынша 8-орында тұр

Азамат Ахметов
Фото ашық дереккөзден

Бірінші орында – АҚШ

Қазақстан есірткіні тұтыну бойынша топ-10 елдің қатарына енді, деп хабарлайды World population Review ұйымының сайты.  

Олардың сарапшылары БҰҰ мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына сүйене отырып, жыл сайын тыйым салынған заттарды тұтыну деңгейі бойынша елдердің рейтингін жариялайды. 

«Сарапшылардың зерттеуінше, есірткі қазақстандықтардың өмірін орта есеппен 3,7 жылға қысқартады. Рейтингке сәйкес, бірінші орында АҚШ тұр. Америкалықтардың шамамен 6 пайызы есірткі тұтынады, оның салдары тұрғындардың өмірін 6,7 жылға қысқартып отыр», - делінген зерттеуде.  

Екінші орында – Эстония. Бұл ел тұрғындарының өмірі 5 жылға қысқарып отыр. Көшбасшылар үштігінде – Беларусь, оның тұрғындары орта есеппен есірткіні қолданғаны үшін төрт жыл өмірін жоғалтады. Содан кейін Моңғолия, Канада, Гренландия және Ресей тұр.    

Қазақстан 8-орында. Сарапшылардың бағалауы бойынша, есірткі қазақстандықтардан өмірін 3,7 жылға қысқартып отыр.

Теги:
Сізге қызықты болады