Түркістан облысында құдықтың құбырына құлаған 29 жастағы қыз шығарылды, деп хабарлайды Qonaev.info.
Бүгін сағат 09:18-де 1994 ж.т. азаматшаның Түркістан облысы Майтөбе ауылының маңындағы ашық алаңда орналасқан дренаждық құдыққа құлағаны туралы хабар келіп түскен.
« Сағат 12-06-да жергілікті тұрғын құдыққа түсіріліп, 12-14-те қызды құдықтан ес-түссіз күйде шығарып алды. Құтқару жұмыстарына ТЖД, жедел жәрдемнің, полицияның 31 адамы және 5 техникасы жұмылдырылды»,- деп хабарлады Түркістан облысының ТЖД.
Куәгердің айтуынша, азаматша өз-өзіне қол жұмсау мақсатында құдыққа түскен және алкоголді мас күйде болған.