Алматы облысының Іле ауданы Байкент ауылындағы Ворошилов су қоймасы жырылды, деп хабарлайды Qonaev.info.
Су Жармұхамет өзенінің негізгі арнасы бойымен өтіп жатыр. Алматы облысы әкімдігінің мәліметінше, тоғандарға құйылатын барлық шлюз ашық. Су транзиттік режимде ағуда. Елді мекендерді су басу қаупін нақтылау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Оқиға орнына ТЖД жеке құрамы мен бастығы, облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев барды.
«Жырылған жердің ені шамамен 4-5 метр, ал су қоймасының толық көлемі 1,36 миллион текше метр, нақты көлемі 700 мың текше метр. Орташа тереңдігі 10 метр, қазіргі уақытта 60 пайызға толған. Су Жармұхамет өзенінің негізгі арнасы бойынша және одан әрі барлық шлюз транзиттік режимде суды ағызу үшін ашық тоғандарға кетеді» , - деп хабарлады Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.