Жамбыл облысы Меркі ауданының тұрғындары жер сілкінісін сезді, деп хабарлайды Qonaev.info.
Екі балдық жер асты дүмпуі Астана уақытымен бүгін, сағат 11:14-те тіркелді.
«Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан батысқа қарай 308 шақырымда Қазақстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10,2, MPV магнитудасы - 5,3» , - делінген хабарламада.
ТЖМ мәліметінше, зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат жоқ. Мониторинг жүргізіліп жатыр.