Тұрғындарды эвакуациялау әлі жалғасып жатыр: БҚО-да саяжайларды су басты

Азамат Ахметов

Оралда Шаған мен Деркөл өзендері арнасынан асып, саяжайларға су жайылды, деп хабарлайды Qonaev.info.

Самал шағын ауданының тұрғындарына су басу қаупі төніп, түнімен эвакуацияланды. Қазір қаладағы 4 эвакуациялық орталық толып, онда 321 адам көшірілген.

Одан бөлек, Теректі ауданы Ұзынкөл ауылындағы су қоймасы қарғын сумен толып, бөгеттің жарылу қаупі төнді. Кешеден бері Ұзынкөл ауылынан 705 адам эвакуацияланды. 

«Батыс Қазақстан облысында су тасқыны қаупі бар учаскелерден халықты эвакуациялау жұмыстары жалғасуда.ТЖД күштерімен Шаған және Деркөл өзендерінің маңында орналасқан "Самал" және "Вагонник" тұрғын пункттерінің тұрғындарын шұғыл құлақтандыру және эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде. Аулаларды аралап, тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін жеткізді, материалдық құндылықтарды эвакуациялауға көмек көрсетуде»,- деп мәлімдеді ТЖМ.