Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Бишімбаев ісі: сотта экс-министрдің әйелін тепкілеген видеосы көрсетілді

Азамат Ахметов

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың Салтанат Нүкенованы Астанадағы Bau мейрамханасында аяусыз ұрып, тепкілеген видеосы сотта көрсетілді, деп хабарлайды Qonaev.info. 

Бейнежазбада Бишімбаев Нүкенованы  ұрып, тепкілеп, шашынан сүйреп дәретханаға алып кіреді. Бірнеше минуттан соң, ол жерден шығып, тағы шашынан сүйреп VIP бөлмеге алып кетеді. Нүкенованың тарапынан ешқайдан қарсылық әрекеті болмайды.

Бейнежазбаны көрсету кезінде Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді қарындасының соққыға жығылып жатқанын қайта-қайта көру ауыр екенін айтып, сот залынан шығып кетті.

Ал Бишімбаев сотта Нүкенова "ресторанда орнынан тұра алмай, унитазға қарай өзі құлады. Алдымен қабырғаға ұрынып, одан қолымды алғанда, бетін унитазға өте қатты соғып алды. Кейіннен еденге құлай кетті",- деп отыр.

Айта кетсек, бүгін Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өз жұбайы Салтанат Нүкенованы аса қатігездікпен өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың кезекті соты өтіп жатыр.

Сізге қызықты болады