Бүгін Алматыда су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге 10 тоннадан астам гуманитарлық көмек жөнелтілді, деп хабарлайды Qonaev.info
Алмалы ауданының комьюнити орталығы базасында ашылған қабылдау пункті 29 наурыздан бастап жұмыс істейді. Күн сайын алматылықтар зардап шеккен аймақтарға үлес қосып, қажетті заттарды әкеліп жатыр. Қала тұрғындары, кәсіпкерлер мен белсенді жастар да көмек қолын созуда. Соның нәтижесінде 6 күннің ішінде 10 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жиналған. Атап айтқанда, 2,5 тоннадан астам киім, 1 тонна гигиена құралдары, 3,5 тоннадан астам азық-түлік, тұрмыстық заттар және т.б. бар.
Естеріңізге сала кетейік, гуманитарлық көмек қабылдау пункті аптаның соңына дейін Алмалы ауданы, Байтұрсынов көшесі, 22/1 мекенжайында жұмыс істейді, жұмыс уақыты 10:00-ден 19:00-ге дейін.
Қабылданатын гуманитарлық көмек түрлері: азық-түлік, ауыз су, дәрі-дәрмектер мен медициналық керек-жарақтар, киім (жылы киім, аяқ киім, іш киім, шұлық және т.б.), заттар (көрпе, ұйықтайтын қап, жастық және т.б.), шаруашылық тауарлары (шатыр, төсеніш, термос, шам, пауэрбанк, шәйнек, балалар ыдыстары, емізік) және гигиена құралдары (памперс, әйелдер гигиенасы, сабын, тіс пастасы, сусабындар, майлық, дәретхана қағазы, жуғыш заттар және т.б.).