«ҚазАвтоЖол» АҚ бұрынғы басшысы Асқар Мұратұлы ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша ұсталды, деп хабарлайды Qonaev.info
«Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен Бас көлік прокуратурасының жұмыс үйлестіруімен бір көзден алу жолымен бюджеттік қаражатты аса ірі мөлшерде жымқыру күдігімен «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ-ның экс-басқарма төрағасы А.Муратұлы ұсталды. Сотпен күдіктіге қатысты 2 ай мерзімге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды»,- деп хабарлажы Қаржылық мониторинг агенттігі.
ҚР ҚПК 201 бабына сәйкес, өзге мәлімет жариялануға жатпайды.