Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

«1 миллион теңгеден»: Ақмола облысында шенділер заңсыз сыйақы алып келген

Азамат Ахметов
Фото: Ашық дереккөзден

Ақмола облысының прокуратурасы сыйлықақыларды негізсіз төлеу фактілерін анықтады, деп хабарлайды Qonaev.info.

Степногорск қаласының прокуратурасы қадағалау қызметі барысында мемлекеттік органның қызметкерлеріне негізсіз сыйлықақы төлеу фактілерін анықтаған.

Мемлекеттік мекеме 2 жыл ішінде заңнамада белгіленген шығыстардың түрлері бойынша үнемдеу болмаған кезде қызметкерлерге 13,4 млн. теңге сомасына негізсіз сыйлықақы бергені анықталды.

Мысалы, тек 3 айдың ішінде мекеме 6,6 млн. теңге сомасына 6 қызметкерге негізсіз сыйлық берді. Әр қызметкердің сыйлықақыларының мөлшері 1 млн. теңгеден асты.

«Аталған фактілер бойынша қала прокуратурасы мемлекеттік мекеменің атына қадағалау актісін енгізді. Қазіргі уақытта мемлекеттік бюджетке ақша қаражатын қайтару бойынша жұмыс жүргізілуде»,-деп мәлімдеді Ақмола облысының прокуратурасы

Сізге қызықты болады