Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Алматыда толассыз жауатын жаңбырға дайындық жүріп жатыр: әкімдік тұрғындарға үндеу жасады

Азамат Ахметов
Фото: mail.kz

15 сәуірдің кешінен 17 сәуірдің таңына дейін Алматы қаласында үзіліссіз жаңбыр түрінде жауын-шашын болады деп күтілуде.  Ауа-райының қолайсыздығына байланнсты әкімдік ескерту жасады, деп хабарлайды  Qonaev.info.

Қалада жауын - шашын кезінде коммуналдық қызметтердің 52 мобильді бригадасы жұмылдырылады.

«Қаланың коммуналдық қызметтері қаланың су бұру жүйелерін алдын ала тексереді, су қабылдау торларын, арық жүйелері мен құдықтарды тазарту жұмыстарын жүргізеді. Арық желілері мен арық өткелдерін тазалау бойынша жоспарлы жұмыстарға 320 жұмысшы және 88 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. Күн сайын арық желісінен шамамен 250 м3 смета, лай және қоқыс шығарылады»,- делінген әкімдік хабарламасында.

Су басудың алдын алу және жекелеген учаскелерде судың кедергісіз өтуін қамтамасыз ету үшін жауын-шашын кезінде мотопомпалармен, багрлермен және басқа да қажетті құралдарымен жабдықталған 52 жедел мобильді бригаданың кезекшілігі ұйымдастырылатын болады және 2,3 мың қап құм дайындалды.

Түнгі кезеңде 236 бірлік арнайы техниканы, 28 мотопомпаны және 215 жол жұмысшысын тарту жоспарлануда. Қажет болған жағдайда қосымша 150 бірлік техника мен 200 жұмысшы жұмылдырылады.

«Ауа-райының бұзылу салдарынан жүргізушілер ағаштардың құлау қаупі мен электр желілерінің үзілуіне байланысты автомобильдерді жол жиектеріне қоймағандары жөн. Су басып қалудың алдын алу үшін қала тұрғындарынан арықтарды, нөсер ағындары мен каналдарды қалдықтармен бітеп тастамауды сұраймыз. Су басқан немесе уақытша су жиналған жағдайда аудан әкімдіктеріне хабарлауға немесе +7 706 689 8898. what's app нөміріне хабарлама жазуға болады»,- деп хабарлады Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы.

Сізге қызықты болады