19 сәуірдегі жағдай бойынша зардап шеккен өңірлерде 2787 отбасы шамамен 2,4 млрд теңге сомасына 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алды, деп хабарлайды Qonaev.info.
Үкіметтің таратқан мәліметінше, осы күнге дейін келтірілген материалдық шығын үшін өтемақы көлемі 565,7 млн теңгеге жетті. Бұл қолдау шарасы 1377 отбасын қамтып отыр.
«Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және республиканың басқа да бірқатар облыстарының тұрғындары арнайы құрылған өңірлік комиссияларға тиісті өтініштер береді. Бүгінгі таңда 16 343 өтініш қабылданған»,- делінген хабрламада.
Бүгінгі таңда зардап шеккен өңірлерде 3053 тұрғын үй тексеріліп, 1807 нысан бойынша бағалау жүргізілді. Қазірдің өзінде 206 отбасы 254 млн теңгеден астам сомаға жөндеу жұмыстарын жүргізуге төлем алыпты.