Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

«Алматы Су» директорының орынбасары мен Қызылорда облысындағы басқарма басшысы ұсталды – Антикор

Азамат Ахметов
Фото: видеокадрден

Алматы бойынша департамент  «Алматы Су» ШЖҚ МКК бас директорының орынбасарын әшкереледі, деп хабарлайды Qonaev.info.

«Ол жергілікті кәсіпкерден орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойғаны және жасалған мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша ақшалай қаражат төлегені үшін 345 миллион теңге көлеміндегі бұрын келісілген сомадан 75 миллион теңге алған»,- делінген хабарламада.

Ал Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысын жалпы қамқорлығы мен келісімшартты ұзартуға және жер қойнауын өндіру көлемін ұлғайту рұқсатына қол қойғаны үшін айтарлықтай мөлшерде пара алды деген күдік бойынша ұсталды. 

Күдіктілерге қатысты соттың санкциясы бойынша, «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған. Аталған істер бойынша тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Сізге қызықты болады