Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

«Бишімбаев ісін» қарап жатқан судьяны қорқытқан - қылмыстық іс қозғалды

Азамат Ахметов
Фото: Ашық дереккөзден

Астана қаласының Полиция департаменті судья А.Құлбаеваға қатысты қорқыту фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Qonaev.info.

Судьяның ұялы телефонына белгісіз нөмірден қоңыраулар мен қорқыту хабарламалары түскен.

«Қылмыстық кодекстің 407-бабының 1-бөлігі (Сот төрелiгiн жүзеге асыруға кедергi жасау мақсатында соттың қызметiне араласу) бойынша сотқа дейінгі Іс жүргізу басталды.
Судья, жеке қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз етілді»,- делінген Жоғары сот хабарламасында. 

Сонымен қатар, интернет кеңістігінде жүргізілген мониторинг барысында судьяға қатысты қылмыстық құқық бұзушылық іс-әрекеттері бар көптеген жағымсыз жарияланымдар анықталыпты.

«Тексеру іс-шараларының нәтижелері бойынша тергеу органы Қылмыстық кодекстің 411-бабының 1-бөлігі (Судьяға жала жабу) бойынша қылмыстық іс қозғады»,-деп хабарлады Жоғары сот.

Сізге қызықты болады