Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Алматыда күн жылынғалы 200-ден аса адамды кене шаққан

Азамат Ахметов
Фото: www.istockphoto.com

Алматыда кене белсенділігі маусымы басталғаннан бері 212 адам кене шаққаннан кейін медициналық ұйымдарға жүгінген, деп хабарлайды Qonaev.info.

«Эпидемиялық маусым басталғаннан бері медицина ұйымдарының қызметіне кене шаққан 212 адам, оның ішінде 14 жасқа дейінгі 126 бала жүгінген. Барлығына шұғыл медициналық көмек көрсетілді, көрсеткіштер бойынша кенеге қарсы иммуноглобулин енгізілді. Ағымдағы жылдың басынан бері кене инфекцияларының жағдайлары тіркелген жоқ. Кене боррелиозының алдын алудың бірден-бір жолы - кене шағудан қорғану. Серуендеуге, саяжайға немесе орманды аумаққа барғанда кейбір ережені сақтау керек», - дейді  Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қасымхан Алпысбайұлы.

 Қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, қалада орман алқаптарын, халықтың жаппай демалатын жерлерін - саябақтарды, скверлерді кенеге қарсы өңдеу жалғасуда.

Ағымдағы жылдың 22 сәуіріндегі жағдай бойынша барлығы 1478,974 га (62,4%) өңделді, оның ішінде орман алқаптары – 1904,924 га жалпы алаңнан 1017,338 га (53,4%), қаланың барлық аудандарындағы қалалық саябақтар мен скверлерде жұмыстар аяқталған.

Естеріңізгесалакетейік, кене шағып алған жағдайда мүмкіндігінше ертерек (кене шаққаннан кейін 4 күннен кешіктірмей) медициналық мекемелердің (травматологиялық пункттерге) көмегіне жүгіну керек. Онда оларға білікті медициналық көмек көрсетіліп, кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулин енгізіледі.

Қалада кене шағудан зардап шеккендерге жедел көмек көрсетіп, кене энцефалитіне қарсы иммноглобулин егу төмендегі медициналық ұйымның травмотологиялық пункттерінде жүргізіледі:

1)  Орталық қалалық клиникалық ауруханасы (Жандосов көшесі, 6);

2) Шұғыл жедел көмек көрсету ауруханасы (Казыбекби көшесі, 96);

3)  №4 қалалық клиникалық аурухана (Папанин көшесі, 220);

4) №7 қалалық клиникалық аурухана (Қалқаман ықшам ауданы, Райымбек даңғылы, 20);

5)  балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығы (Манас көшесі, 40).

Сізге қызықты болады