Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

«Бұл таза өтірік»: кәсіпкер Райымбек Баталов Бишімбаевтың айыптауына жауап берді

Азамат Ахметов
Фото: видеокадрден

Кәсіпкер Райымбек Баталов instagram әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында мәлімдеме жаcады, деп хабарлайды Qonaev.info

Ол кеше Қуандық Бишімбаевтың сотында болған оқиғадан кейін өзінің абыройын қорғау үшін осы әрекетке барғанын айтады.

«Достар, Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты соңына дейін пікір білдіргім келген жоқ. Алайда, менің атым мен абыройыма нұсқан келтіретін адам сенгісіз сөздерден кейін осылай істеуге мәжбүрмін. Айтайын дегенім, аса ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілініп отырған адамның маған қатысты айтылған сөздері – жындының сандырағы, бұл таза өтірік. Бұл жалған сөздерге сенбеңіздер, БАҚ өкілдері мен блогерлерден тексерілмеген ақпаратты таратпауларыңызды сұраймын», – деді Райымбек Баталов.

Естеріңізге сала кетейік, кеше сотта Қуандық Бишімбаевтың телефонында көрсетілген бейнежазбаларда Бишімбаев Нүкеновадан Райымбек Баталовпен қатынасы туралы қайта-қайта сұрап, оны қатты балағаттағаны жарияланды.

Сізге қызықты болады