Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Әлеуемттік желі арқылы есірткі сатумен айналысатын 300 арна мен 4 ірі маркетплейс анықталды - ҚМА

Азамат Ахметов
Фото: Ашық дереккөзден

Есірткі саудасының 50% - дан астамы еліміздің үш өңіріне тиесілі, деп хабарлайды Qonaev.info.

ҚМА есірткі құралдары мен прекурсорлардың таралуы тұрғысынан Telegram мессенджерінің арналары, әлеуметтік желілер мен хабарландыру сервистері қамтылған жаһандық желіге мониторинг жүргізіп жатыр.

«Мессенджерлердегі 300-ге жуық арна, тыйым салынған заттар сатылатын 4 ірі Darknet маркетплейс көзге түсті. Ел аумағында Telegram арналары арқылы есірткі және психотроптық заттарды тұрақты негізде жарнамалаумен және сатумен айналысқан 80 пайдаланушының жеке басы анықталды»,- делінген ҚМА хабарламасында. 

Интернет-кеңістіктің Қазақстандық сегментіне жүргізілген мониторинг нәтижесінде 35 мыңға жуық қатысушысы бар есірткі сататын 3 ірі алаң, есірткі заттарынының әлеуетті тұтынушылары болып табылатын 10 мыңға жуық адамның жеке басы анықталды.

Талдау көрсеткендей, тұтынушылардың 50% - дан астамы Астана, Алматы қалалары мен Алматы облысына тиесілі. Агенттік өткен жылы айналымы 25,6 млрд теңгені құрайтын 36 есірткі дүкенін анықтады.

«Биыл Telegram мессенджерінде 60 есірткі арнасына тиесілі 59 карт-шот анықталды. Қаржылық барлау бөлімшесінің алдын ала талдау қорытындысы бойынша аталған дүкендердегі ақша қаражатының жалпы айналымы 3 млрд теңгені құрады. Айналымы 82 млн теңгені құрайтын есірткі дүкендерінің бірі бойынша материалдар ІІМ-ге жолданды»,- делінген ресми хабарламада.

Сізге қызықты болады