Алматыдағы үш адам қаза болған автобус апатына қатысты сот отырысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды Qonaev.info.
Бүгінгі жарыссөзде прокурор судьядан сотталушыны 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Ата-анасынан айырылған Ерасыл Байдуалиев соттан осы қайғылы оқиғаға кінәлілер жазалануы керек дейді. Себебі ол оқиғаға автобус жүргізушісін де кінәлі деп санайды. Шөкебаеваның өзі кінәсіз екенін айтып, оқиға кезінде алған соққы салдарынан есінен танып қалғанын тағы да қайталады. Мемлекеттік айыпталушының сөзінше сотталушы Ахметжанов кінәсін ішінара мойындағанымен, өкініш білдірмеген. Айта кетейік, оқиға былтыр 22 желтоқсанда болған еді. Қоғамдық көліктегі жанжалдың салдарынан оқиға орнында үш адам қаза тапқан болатын.
«8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындап, жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемеге жолдауыңызды, ҚР Қылмыстық Кодексінің 68 бабының талаптарына сәйкес Ахзметжаеновтың үкімі заңды күшіне енгенге дейін күзетпен ұстауда отырған күндерін жаза тағайындау барысында есептеуіңізді алып тастауыңызды сұраймын», - деді прокурор Жандос Саурбаев.
Ал қайғылы жайттан көз жұмған тағы бір азаматтың жары Айнұр Құсайынова қоғамдық көлікті басқарған Ермек Шөкебаеваның үстінен қылмыстық іс қозғалып, жазаға тартылуы қажет екенін айтты.
«Автобус жүргізушісі де өз кінәсін мойындау керек деп ойлаймын. Болған жағдайға, осы үш адамның өліміне жауап беру керек. Бір жақтан болып жатқан жоқ»,- деді ол.
Айта кетейік, ертең сөзжарыс тағы да онлайн трансляцияда өтеді.