Алматыда үш адамның өліміне себеп болған автобус апатына қатысты жарыссөз жалғасып жатыр, деп хабарлайды Qonaev.info.
Автобус жүргізушісінің сөзінше, кикілжің әуелі жол ақысын телефон арқылы төлей алмаған жолаушының нарызылығанан туындаған. Артынша ол, көпірдің үстінде тұрған қоғамдық көліктің есігін ашуды талап етіпті. Рұқсат етілмеген жерде есікті ашпай қойғаны үшін жүргізушіні балағаттап, артынша, жұдырық ала жүгірген. Ал соққыға жыққан азамат, жүргізуші ар-намысыма тиетін сөздерді айтқан соң, өзімді ұстай алмадым,- деп ақталды.Осылайша, күдікті Ахмеджанов, сотта өзінің тек қана 293 бап, яғни «бұзақылық» бабы бойынша әрекетін толық мойындап отыр.
« Жүргізуші мені барлық адамның көзінше балағаттап, мені көліктен шығармай қойды. Бұл - арандату. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабы 1-бөлігі бойынша өз кінәмді мойындаймын. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 351-бабы 3-бөлігі бойынша өз кінәмді мойындамаймын, өйткені Шокебаева есінен танып қалған жоқ. Оның автобусты тоқтатуға мүмкіндігі болды. Соттан кәмелетке толмаған үш балам бар екенін және бұл менің бірінші рет құқық бұзуым екенін ескеруін сұраймын. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабы 1-бөлігі бойынша бас бостандығынан айырусыз жаза тағайындауды сұраймын. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 351-бабы 3-бөлігі бойынша мені ақтауыңызды сұраймын. Барлық зардап шеккендерден шын жүректен кешірім сұраймын», - деді Ахметжанов.