Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Алматыдағы автобус апаты: жүргізушіні соққыға жыққан азамат 8 жылға сотталды

Азамат Ахметов
Фото: видеокадрден

Алматыдағы үш адам қаза болған автобус апатына қатысты сот отырысы аяқталды. Сот шешімімен жүргізушіні соққыға жыққан азамат 8 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Qonaev.info.

Сотталушы қылмыстық кодекстің 351-бабының 3-бөлігі және 293-баптың 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Ал, жәбірленушілер Құсайынова мен Байдуалиевтің арызы қанағаттандырылмады. Олар судьядан автобус жүргізушісінің үстінен қылмыстық іс қозғап, жауапқа тартуды сұраған болатын. Сотталушы Дархан Ахметжанов жазаны қауіпсіздігі төмен мекемеде өтейді. Сондай-ақ, ол жәбірленушілерге материалдық және моральдық шығын төлейді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

«Ахметжановтан жәбірленуші Құсайынова Айнұр Асанқадырқызының  пайдасына 6 397 250 теңге материалдық шығын, 5 млн теңге моральдық шығын, жәбірленуші Байдуалиев Ерасылдың пайдасына 10 млн теңге моральдық шығын 200 мың теңге қорғауға кеткен шығын ретінде өндірілсін»,- деді алатау аудандық сотының судьясы Тәкен Шакиров.  

Айта кетейік, оқиға былтыр 22 желтоқсанда болған. Қоғамдық көліктегі жанжалдың салдарынан оқиға орнында үш адам қаза тапқан еді. Артынша 1991 жылғы азамат күдікті деп танылып, ұсталған. Оған бұзақылық жасағаны және абайсызда үш адамның өліміне әкеп соқтырған көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелерін бұзды деген айып тағылған болатын.

Сізге қызықты болады