Экс-министр Қуандық Бишімбаев пен оның туысы Бақытжан Байжановтың ісін қарап жатқан сот отырысында, бүгін тараптардың жарыссөзі жоспарланған еді. Бірақ сот отырысы кейінге шегерілді, деп хабарлайды Qonaev.info.
Прокурорлар мен жәбірленуші тарап адвокаттары Бишімбаев пен Байжановсыз жарыссөзді өткізу мүмкін емес деп мәлімдеген.
Мемлекеттік айыптаушы Саяхат Нұрбеков, Байжанов ісіне қатысты мәлімдеме жасады. 434-ші «Қылмысты хабарламау» бабын алып тастап, 432-ші бапты ғана қалдыруды сұрады. Яғни Аса ауыр қылмысты жасырды деп айыптады.
Байжановтың адвокаты сотталушымен кеңесу үшін судьядан екі-үш күн уақыт беруді сұрады. Сондықтан сот отырысы 2 мамырға қалды.