Ақмола облысында абаттандыруға бөлінген 128,3 млн теңге заңсыз жолмен алынбақ болған

Азамат Ахметов
Фото: Ашық дереккөзден

Ақкөл аудандық прокуратурасымен жергілікті атқарушы органдардың қызметінде «Мемлекеттік сатып алу туралы» заң нормаларын сақтау бойынша талдау жүргізілді, деп хабарлайды Qonaev.info.

Ақкөл қаласының әкімдігі заң талаптарын бұза отырып, С.Нұрмағамбетов атындағы саябақты абаттандыру жұмыстарын жалпы сомасы 128,3 млн теңгеге веб-порталда сатып алуға қатысты мемлекеттік сатып алу жоспарын бекіткені анықталды.

«Бұл сатып алу заңсыз «бір көзден», яғни бәсекелестік ортадан тыс, тікелей шарт жасасу арқылы жоспарланған. Қадағалау актісімен жоғарыда көрсетілген сатып алудың күші жойылып, кінәлі лауазымды тұлға заңнамада белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылды»,- делінген Ақмола облысының прокуратурасы таратқан хабарламада.

 Осылайша, Ақкөл ауданы прокуратурасының шараларымен 128,3 млн.теңге сомасына заңсыз сатып алулардың алдын алды және бизнес субъектілеріне ашық конкурсқа бәсекелестік қолжетімділік қамтамасыз етілді.