KASE Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 442,05 теңгені құрап, 0,64 теңгеге өсті, деп хабарлайды Qonaev.info.
ҚР Ұлттық Банкінің 30 сәуірдегі ресми бағамы бір доллар үшін 441,44 теңге.
kurs.kz. дерегінше, Алматының айырбастау пунктерінде долларды сатып алудың орташа бағамы - 442,34 теңгеге, ал сату - 443,64 теңгеге тең. Ал Астанада АҚШ валютасы 439,97 - 444,98 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, 29 сәуірде KASE күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 441,44 теңгені құрап, 1,76 теңгеге арзандаған болатын.