Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Жемқорлықты жеңу мүмкін болмай тұр: өлім жазасы керек пе ?

Азамат Ахметов

Қазақстандықтар бүкіл жүйе параға белшесінен батқан деп шағымданып жатады, ал басқа елдерде пара мәселесі қалай? Жиі кездесе ме? Онымен қалай күреседі?

Осы және басқа да сұрақтарға Orda.kz редакциясы жауап іздеді.

Рейтинг

Жемқорлықты жеңу мүмкін болмай тұр: өлім жазасы керек пе ?

Қазақстан көршілес 5 елдің ішінде пара бойынша 2-ші орында.

2021 жылы Transparency international ұсынған деректерге сай:

  1. Қытай (180 елдің ішінде 78 орында)
  2. Қазақстан (94 орында)
  3. Қырғызстан (124 орында)
  4. Ресей (129 орында)
  5. Өзбекстан (146 орында)
  6. Түркіменстан (165 орында)

Қандай жаза қолданады?

Жемқорлықты жеңу мүмкін болмай тұр: өлім жазасы керек пе ?

Алты елдің ішінде ең қатал жаза – Қытайда. Онда парамен ұсталғандар өлім жазасына кесіледі. 2016 жылы енгізілген өзгерістерге сай пара көлемі 3 млн юаньнан (460 мың доллардан) асса ғана, өлім жазасы қолданылады. Ал көрсетілген соммадан аз парамен ұсталғандар тізімдегі басқа елдерде парамен ұсталғандар сияқты айыппұл төлеп, жазасын өтейді.

Ал рейтингте ең жақсы көрсеткіш көрсеткен Түркіменстанда парамен ұсталғандар 15 жылға дейін бас бостандықтарынан айрылады.

Ал Қазақстанда пара Қылмыстық кодекстің 366, 367, 368 баптарын қамтиды. Айыппұл салынып, бас бостандықтарынан айрылады.

Еске салсақ, жақында Алматы қаласының сотына қатысты пара алу бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сізге қызықты болады