Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Алматы облысына АЭС салсақ Балқаш көлінен мәңгілікке айрылып қаламыз – эколог

Азамат Ахметов
Фото ашық дереккөзден

Қазақстандық эколог Мэлс Елеусізов Алматы облысы Жамбыл ауданы Үлкен ауылында атом электр станциясын салу мәселесі бойынша қоғамдық тыңдауда атом электр станциясының құрылысы Балқаш көліне қалай әсер ететінін айтты. 

«Балқаштың орташа тереңдігі небәрі 6 метр. Қазір жағдай өте күрделі, себебі Балқаш көлінің деңгейі тұрақты түрде төмендеп келеді. Атом станциясы Балқаш суын қолданады. Қазір барлығы бізге атом станциясы керек деп байбалам салып жатыр, бірақ салынса біз Балқаштан мәңгілікке айрылып қаламыз», - деді Елеусізов. 

Эколог ядролық қалдықтарды кәдеге жарату мәселесіне жеке назар аударды.

«Бұл тек Қазақстан үшін емес, бүкіл әлем үшін үлкен мәселе болып отыр. Сондықтан қазір бізді АЭС салуды қолдауға итермелеп жатыр. Бұл дұрыс емес, өйткені ең алдымен біз Балқаш көлінің тағдырына алаңдауымыз керек. Ол тартылса нағыз экологиялық апат болады. Онсыз да Қазақстандағы мұздықтардың 44%-ы еріп кетті», - дейді Мэлс Елеусізов.

Айта кетейік, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атом электр станциясын салу қажет болған жағдайда бұл мәселе референдумға шығарылады деп уәде берген болатын. Алайда 15 шілдеде Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов АЭС салу мәселесі референдумға шығарылмайтынын мәлімдеді.

Сізге қызықты болады