Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларындағы валюта айырбастау пункттерінде доллар бағамы 449 теңгеге дейін төмендеді.
Kurs.kz хабарлағандай, екі мегаполисте де қазіргі уақытта доллар 446-448 теңгеден сатып алынып, 449-452 теңгеден сатылып жатыр.
Айта кетсек, Қазақстан қор биржасындағы сауданың нәтижесінде 7 сәуірде сағат 17:00-дегі жағдай бойынша доллар бағамы 458 теңге болған еді.