Бозжыра шатқалындағы атышулы қонақүй салынбайтын болды

Азамат Ахметов
Фото: Берік Уәли/facebook.com

Маңғыстау облысындағы Бозжыра шатқалында қонақ үй кешені мен этноауыл салынбайтын болды. Атышулы жобаның әзірге нақты неге тоқтатылғаны белгісіз. 

Кейбір ақпарат көзі бұған инвестордың құрылыстан бас тартқаны себеп екенін жазуда. 

Ал өңір әкімдігі мұндай шешім Президенттің жобаны іске асыру орнын қайта қарау бойынша берілген тапсырмасы түрткі болғанын айтады. 

Яғни осыдан кейін мамандар түрлі ұсыныстарды ескеріп, жобаны Бозжыра шатқалынан төрт шақырым қашықтықта салу жөнінде шешім қабылдаған. 

Айта кетсек, құны шамамен 40 млрд теңге болатын қонақүй мен этноауыл құрылысын салу туралы идея 2020 жылы басталды. Алайда, бірден қоғам ішінде резонанс тудырды.