Мәжілісте «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын қарау кезінде Мәжіліс депутаты Ли Юрий негізсіз жұмсалған қаражаттарға кімнің жауапты екенін сұрады, деп хабарлайды Qonaev.info Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.
«Заң жобасындағы материалдан Мемлекет басышысының тапсырмасына сәйкес келмейтін бағыттарға қаражат жұмсау көзделгенін көріп отырмыз. Мысалы, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі халықаралық көрмеге қатысуға және әлеметтік-сараптамалық жұмыстаға 800 млн теңге жұмсауды жоспарлап отыр. Ұлттық экономика министрлігі 394 млн теңгені әлеуметтік-сараптамалық жұмыстарға бөлген. Мұндай мысалдар жетіп арқылады. Осы ретте, бюджетте негізсіз жұмсалатын ақшаны кім есепке алады?», - деді депутат Ли Юрий.
Қаржы министрі Ерлан Жамаубаев аталған сұраққа былай жауап берді:
«Бұл өте маңызды сұрақ. Қаңтардағы жағдайдан кейін Үкіметтің резервтегі қаражаты таусылды. Жыл басында бюджетті нақтыладық. Қаржыны тиімсіз жұмсау бойынша жыл басында артық шығындар нақтыланады. Заң жобасын қарау кезінде тиімсіз жұмсалуы мүмкін 1 трлн теңгенің жобалары анықталды», - деді министр.