Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Kcell-дің экс-директоры қомақты қаржы жымқырған

Азамат Ахметов
Фото: REUTERS

Ол 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды

«Kcell Solutions» ЖШС-ның бұрынғы топ-менеджері жалған құжаттар жасап, жарты миллиард теңге аванс алған, деп хабарлайды Qonaev.info Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменті жалған қаржылық құжаттарды жасап, өз атына заңсыз аванс беру арқылы «Кселл» АҚ қаражатын аса ірі көлемде жымқырған «Kcell Solutions» ЖШС-нің бұрынғы қаржы директорына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

«Тергеу барысында компанияның бұрынғы қаржы директоры 2018 жылдың ақпанынан 2021 жылдың сәуіріне дейінгі аралықта 5 компанияның есеп шотына ақша аудару арқылы қаражат ұрлаған, сондай-ақ өзіне жалпы сомасы 467 миллионнан астам теңгені құрайтын аванс бергені анықталды», - делінген хабарламада.

Осылайша, ол «Кселл» АҚ-на аса ірі көлемде зиян келтіріп, қылмыстық құқықбұзушылық жасаған.

Жедел-іздестіру шаралары барысында компанияның бұрынғы қаржы директоры ұрланған ақшаны Алматыдағы букмекерлік кеңселерде бәс тігіп, жұмсағаны анықталды.

«Сот үкімімен азамат М. Шөкей Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189 бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Сондай-ақ ол 10 жыл мерзімге қаржылық жауапкершілікпен байланысты қызметтерді атқару құқығынан айырылды», - делінген хабарламада.

Сізге қызықты болады