Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

571 млн теңгеге жалған шот-фактура жасаған: Алматы облысында полиция қызметкері күдікке ілінді

Азамат Ахметов
Фото: Factum.kz

Алматы облысында Кербұлақ аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Qonaev.info.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті Кербұлақ аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлім етті.

«Кербұлақ ауданының полиция бөлімі бастығының өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, 2021-2022 жылдар аралығында, жалпы сомасы 571 млн теңге құрайтын шот-фактураларды жазып, қызмет көрсетіп, тауарларды жөнелту мақсатында облыс тұрғындарына шағын бизнес субъектілерін (ЖК) тіркеген», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Антикоррупциялық қызметтің мәліметінше, кінәсін мойындауына байланысты аталған тұлғаға қатысты іс жүргізу бойынша ұстау жүргізілген жоқ.

Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді.

Сізге қызықты болады