Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Шымкенттегі «Аrtsport» платформасында ұрлық фактілерінің жолын кесті.
Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшылығына және осы жылы өз бақылауындағы фирмалар арқылы «Аrtsport» платформасы арқылы балалар шығармашылығын жан басына қаржыландыруға бөлінген қаражатты ұрлауды ұйымдастырған басқа да лауазымды тұлғаларға қатысты тергеу жүргізіп жатыр.
Департамент тергеуінде 10 миллион теңге шамасында «Аrtsport» ақпараттық жүйесі арқылы балалар үйірмелерге қатысқандығы туралы жалған мәліметтерді пайдаланған ұрлаудың екі фактісі анықталды.
«Спорттық мемлекеттік тапсырыс аясында 2022 жылы Шымкент қаласына 2,3 миллиард теңге бөлінген. Бюджет қаражатын иемдену бойынша ұқсас фактілері қосымша тексеріледі», - делінген Антикор хабарламасында.
Соттың санкциясымен басқарма басшысы қамауға алынды.
Өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етуге жатпайды.