Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Зайырлы мемлекеттік қоғам

Азамат Ахметов
Tengrinews.kz

Құрметті көпшілік қауым, менің есімім Шыңғысхан Қожахметов, мен қалалық әкімдік жанында осыдан бірнеше жыл бұрын құрылған «Дін проблемаларды зерттеу орталығының» лекторымын. Орталық лекторлары қатарында түрлі салалардың мамандары, діни қызметкерлер, психологтар, құқық қорғау саласы мамандары, теологтар, қоғамдық ұйым мүшелері, белгілі қоғам қайраткерлері бар. Орталықтың негізгі құрылу мақсаты – діни проблемаларды зерттеу, оның алдын алу, қоғам арасында түсінік жұмыстарын жүргізу және тағы да басқа міндеттері бар. Егер де, дін мәселелеріне қатысты жан-жақты қосымша ақпарат алғыңыз келсе Орталыққа ресми сайт, байланыс арқылы немесе тікелей жүгінсеңіз болады. Арнайы теологтар, психолог, заңгер мамандар қызмет атқарып, сіздерге қажетті ақпаратты бере алады.

Қазіргі уақытта, техника мен технология, қажетті және қажетсіз ақпаратты тез және қолжетімді алмасу мүмкіндіктері жетілген заманда, қоғамның, әсіресе жастардың санасын жаулау майданында түрлі топтардың арасында үлкен күрес жүріп жатыр. Біздің әрқайсымыздың негізгі мақсатымыз – жанымыздағы адамның, әріптестер мен жақындарымыздың діни мәселелерге қатысты теріс бағыттағы ақпаратты игеріп, санасының улануына жол бермеу. Ол үшін әрқайсымыз жеткілікті дұрыс діни білімнің негіздерін игеруіміз керек.

Өкінішке қарай, радикалды діни ұстаным, діни экстремизм, терроризм ұғымдары Ислам дінімен қабаттасып, нағыз мұсылмандардың атына кір келтіруде. Бұл соңғы уақытта әлемде болған түрлі зардапты мұсылманшылық пен исламды жамылған адамдардың істеуі кесірінен болған құбылыс.

Дін жолы нағыз осы жол деп, сақал мұртын өсіріп (көсе болып өспесе де, түр келбетіне жағымды болмаса да), балақтарын қысқартып, қара киім киіп, беті аузын тұмшалап, өзінің мұсылманшылығын бәріне көрсетіп, соны міндет етіп және артықшылығы екенін тұрпайы тұрде жариялап жүрген кейбір азаматтардың осы әрекеті, рухани ізденісте жүрген, жаратқаның жолын іздеп, нағыз діни ілім мен білімге сусап жүрген адамдарды діннен бездіруі мүмкін.

Дін бұл әуелі махаббат, білім-ілім, мейірім, ортаңа пайдалы болу, жан-жақты, білікті, ізденімпаз болу. Біздің бабаларымыздан қалған жыр-дастандар, өлеңдер мен мақал-мәтелдер, нақыл сөздердің қайсысын болса да мұқият қарасаңыз исламның негізгі қағидаттарымен ұштасып тұр. Оны қоғамның түсінігіне сәйкестендіріп берген. Қасиетті кітапты қарап мән берсеңіз, көп сөздері біздің күнделікті сөз қорымызда, қолданысымызда бар. Қылышынан қан тамған қызыл империя күші тасқындап тұрған, «дін ол апиын, құдай жоқ» деген заманда, ата-әжелеріміз амал әрекеттерін жасырын орындап, діни ұстанымдарды кейінгі ұрпақ мүлде ұмытпасын деп ырым-жоралғыларға айналдырып, санамызға солай жеткізді.

Сондықтан, бүгінгі ұрпақтың негізгі міндеті – білімді болу, заманында ұлы бабаларымыз «білекке сенер заманда ешкімге есе бермедік, білімге сенер заманда қапы қалып жүрмелік» деп кейінгі ұрпаққа насихат етіп қалдырған еді.

Білегі мен жүрегі түкті айбарлы азаматтар қазақта қашан да табылар, алайда елін бір сөзбен тоқтатып, тура жолға бастар, ілімді әрі білімді азаматтар саусақпен санарлық. Біздің қоғамға ұр да жық емес (ондайлар онсыз да жетерлік), біздің қоғамға Нобельдер, Джобстар мен Форбстар керек.

Осы бағыт зайырлы мемлекеттік қоғам бағыты. Біз осы жолдың басындамыз, біздің жол – тура жол, біз көркею мен даму жолындамыз, және біз оған жетеміз. Ол үшін біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін деп, намысты қамшылап, біз ешкімнен кем емеспіз деп, әрқайсымыз өз қызметіміз бен өз ісіміздің нағыз маманы болып, аз да болса ел дамуы мен жақсаруына үлес қосуымыз керек.

Шыңғысхан Қожахметов,
«Бірлік» БПҰ атқарушы хатшысы

Теги:
Сізге қызықты болады