Қазақ ауылында бір еркек жүз әйелге күйеу бола білген – Омар Жәлелұлы

Азамат Ахметов

Мұндай ойды белгілі абайтанушы Abay LIVE Youtube арнасына берген сұхбатында айтқан.

«Соғыс болды, 1945 жылы. Бүкіл еркек қырылып қалды, бір ауылда бір-ақ еркек қалды. Ауылда 99 жап-жас қыз-келіншектер бар делік.  Мораль бойынша ауылдағы жалғыз еркек өзінің әйелімен ғана болуы керек, ана әйелдерге бармауы керек. Ал ана әйелдер не істейді? Сол кезде мораль өмір үшін кейін шегінеді. Сол себепті Оралхан Бөкей «1943-1944 жылы туған балалардың әкесі жоқ, олардың әкесі соғыс» деп айтады. Моральға сүйенсек, ауылда қалған еркек 99 әйелдің тағдырына немқұрайлы қарау керек. Олар жап-жас, не тұрмысқа шыға алмайды, бірақ табиғи қажеттіліктері бар. Бірақ кім қанағаттандырады? Оны басқа түспей білмейсіз, түсінбейсіз. Ал сол кезде қазақ қоғамы бұған түсіністікпен қарады. Өйткені экстремалды жағдай, еркектердің бәрі қырылып қалды. Аман қалған еркек басқа әйелдерді де қанағаттандырып, дүниеге қаншама ұрпақ келді», - деп түсіндірді ол.