Белгілі артист және «Елорда ақпарат» ЖШС директоры Олжас Сыдықбек ақын, қайраткер Жүрсін Ерманның үйінде болып, оның қазіргі жағдайымен бөлісті.
Еске салайық, бұған дейін Жүрсін Ерманның ауыр науқас екені бірнеше рет айтылған болатын. О.Сыдықбек жариялаған фотода қайраткердің халі расымен де мүшкіл екенін аңғаруға болады.
«Қызыл-күрең шәй үстінде отырып біраз өткен-кеткенді еске алдық. Ағаның “Деген екендерін” айттық. Өзінің есінде қалмаған, ұмытып қалған әңгімелерін де айтып, еске түсірдік. Риза боп, көңілі жадырап қалды.
Жүрсін аға қазір емін жалғастырып жатыр. Аптасына үш рет 4 сағаттан ауруханада жатып, процедураларын қабылдайды екен. Алла шипасын берсін! Тезірек сауығып кетуін тілейміз», - деп жазды Олжас Сыдықбек өзінің Facebook-парақшасында.