«Қазпоштаның» ауылдағы пошташылары небәрі 35 мың теңге жалақы алады

Азамат Ахметов
Көрнекі фотосурет, АиФ Казахстан

Ауылда хат пен газет, зейнетақы тарататын пошташылардың айлық жалақысы небәрі – 35 мың теңге. Бұл туралы «Қазпошта» АҚ Басқарма төрайымы Әсел Жанасова Ulysmedia YouTube-каналына берген сұхбатында айтты.

Компания басшысының айтуынша, ауылдағы пошташылар аптасына үш-ақ күн жұмысқа шыққандықтан 0,2 ставкамен жұмыс істейді екен.

«Ауыл-аймақтарда 2 мың бөлімшелер бар, бірақ онда қауырт жұмыс жоқ. Тек зейнетақы келгенде, газет-журналдарды таратумен айналысу үшін аптасына үш рет шығады. Сондықтан ауылдағы қызметкерлеріміз 0,2% ставкамен 35 мың теңге алады, компаниядағы орташа жалақы 134 мың теңгені құрайды», – дейді Ә.Жанасова.

Ол сондай-ақ, «Қазпоштадағы» ең жоғары жалақыны кімдердің алатынын да айтып берді.

«Директорлардың жалақысы 500 мың теңгенің маңайында. Барлық нарықпен салыстырып қарайтын болсақ, біздің жалақымыз он есеге аз. Банктермен салыстырсақ, жалақысы аз болғандықтан бізге жақсы мамандар келмейді. Компания жыл сайын шығынға түскеннен кейін, қызметкерлердің айлықтарын көтере алмай жатыр. Бірақ соған қарамастан, 2022-2023 жылдар аралығында қызметкерлерге 7%-25% аралығында жалақыны интоксикация жасадық. Табыс көлемінің өсуіне байланысты жыл сайын жалақыны көтереміз. Одан бөлек, филиалдар арасында рейтинг жасап, ерінбей еңбек еткен жұмыскерлерге арнап мотивациялық программалар енгіздік. Мысалы, алты ай қорытындысында «ең үздік филиал», «ең үздік пошташыларға» сыйақылар тағайындалады», – деді компания басшысы.

Еске салайық, Әсел Жанасова «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы лауазымына жарты жыл бұрын тағайындалды.