Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қазақ ақынына арғымақ сыйлады

Азамат Ахметов
Фото ашық дереккөзден

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қазақ ақыны Біржан Қалдыбаевқа арғымақ сыйлады.

Бұл туралы Қырғызстан президенті әкімшілігі ақпараттық саясат қызметінің жетекшісі Дайырбек өзінің Орунбеков Facebook-тегі парақшасында жазды.

Оның айтуынша, 13 тамызда көкбөріден (қырғыздың көкпары – авт.) әлем кубогының ашылу салтанатында Садыр Жапаров қазақ ақыны Біржан Қалдыбаевты Бішкекте сыйлық күтіп тұрғанын айтқан.

20 тамызда президенттің менеджері Каныбек Түмонбаев ақынға Садыр Жапаровтың сыйлығын табыс етті.

Сізге қызықты болады