Қазақстанда доллар бағамы өсті

Азамат Ахметов
Фото: news.myseldon.com

Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 0,33 теңгеге өсті, деп хабарлайды qonaev.info.

АҚШ валютасының орташа бағамы 449,30 теңге. Ұлттық банктің ресми бағамы – 1 долларға 448,91 теңге тең.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 450,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы 451 теңге. Ал Астанада сату бағамы – 448 теңге, сатып алу – 453 теңгеден.