Павлодар облысының прокуратурасы МАЭС-3 құрылысына арналған жерлерді сатып алуға бөлінген 1 миллиардтан астам бюджет қаражатының шығындалуына жол бермеді, деп хабарлайды qonaev.info.
Прокуратураның мәліметінше, Екібастұз қаласының әкімдігі ауылдық аймақтағы ауданы 25 га және 5 га екі учаскеге бағалау жүргізген, алайда ұқсас жер үшін құны едәуір жоғары қалалық жерлердің бағалары пайдаланылған.
«Нәтижесінде нақты құны 126 млн болатын екі учаске бюджетке 1 001 197 999 теңгеге шығын келтіре жаздады. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша бюджеттік өтінім кері қайтарылды, учаскелердің меншік иелерімен оларды сатып алу туралы келісімдер жойылды, кінәлі лауазымды тұлғалар жазаланды»,- делінген хабарламада.