Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Кімге сенеміз? Астанадағы Ұлттық музей өкілі Назарбаев ескерткішінің алынбағанын айтты

Азамат Ахметов

Дегенмен, оның келтірген дәлеліне көпшілік күмәнмен қарайды

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің кіреберіс залына қойылған Елбасы ескерткішінің алынып тасталғанын бұған дейін жазған болатынбыз. Бұл ақпаратты елге белгілі журналист Серік Абас-шах өзінің Facebook-парақшасында жазған. Алайда, артынша музейдің өкілі Айдар Қырықбай бұл ақпаратты жоққа шығарып, ескерткіш жанынан видеоүндеу жариялады. Осылайша ол ескерткіштің ешқайда алынбағанын дәлелдемек болды.

«Әлеуметтік желіде Серік Аббас-Шахтың таратқан мәлімдемесі шындыққа жанаспайды. Өздеріңіз көріп тұрғандай ескерткіш орнында. Ал, таралып кеткен фото 2018 жылы Ұлттық музейге ескерткішті қою кезінде түсірілген болуы мүмкін. Ресми ақпаратты Ұлттық музейдің ресми парақшаларынан біле аласыздар. Шындыққа жанаспайтын ақпаратты таратудан сақ болайық», - деп жазды А.Қырықбай әлеуметтік желіде.

Алайда, Серік Абас-шах та, әлеуметтік желінің бірқатар қолданушылары да А.Қырықбайдың бұл айтқанына сенбеді. Көпшіліктің пікірінше, Елбасы ескерткіші орнына қайта әкелінген. Бұған ескерткіш артындағы жазулар дәлел дейді олар. Жаңа видеожазбада аталған жазулар көрінбейді. Ал, ескі фотосуреттерде аталған мәтін тайға таңба басқандай көрініп тұр. яғни, ескерткішті орнына қайта әкелгенімен, жазуды жабыстырып үлгермеген деген пікірлер жазылуда.

«Назар аударсаңыз, жалпы план жоқ. Өйткені ескерткіштің үстіндегі жазулар қайта жапсырылып үлгермеген. Байғұстар-айМұрындарынан терлеп жатыр. Аянышты-ақ», - деп жазды Серік Абас-шах.

Сізге қызықты болады