Елорда әкімінің бұрынғы орынбасары Алтынбек Қайсағалиев отбасымен бірге АҚШ-қа көшуі мүмкін. Оның әйелі актриса Нұрбигүл Егізова өзінің Instagram-парақшасында америкалық визаның фотосын жүктеп, оны 7 ай бойы күткенін жазған.
«7 ай күткен визамызды алдық-ау. 10 жылға Америкаға виза алдық. Бұны күтем дегенше шаш ағарды десем болады. бұйырып тұр екен», - деп жазды ол әлеуметтік желіде.
Еске салайық, Нұрбигүл бұған дейін де Instagram желісіне жүктеген фотолары үшін басы дауға қалған. Қайсағалиев Орал қаласы әкімінің орынбасары кезінде әйелі екеуі шетелге демалысқа шығып, көпшіліктің сынына ұшыраған еді. Бір жалақыға күн көріп отырған шенеунік мұндай ақшаны қайдан алды деген сұрақ туындаған.
Ал, 2020 жылы елде коронавирус өршіп, бүкіл республика аумағында карантин енгізілгенде Нұрбигүл сұлулық салонына барған фотосуретін жариялаған. Ол кезде Алтынбек Қайсағалиев елорда әкімінің орынбасары еді. Артынша актрисаға айыппұл салынды.