«Оператор РОП» басқарушы директорының суицид жасағаны туралы ақпарат тарады

Азамат Ахметов

Отандық журналист Михаил Козачков өзінің Telegram-каналында «Оператор РОП» басқарушы директоры Руслан Шамшиевтің өзіне қол салғаны туралы жазды.

Журналист бұл жайтқа қатысты қазір қылмыстық іс қозғалғанын да айтты.

«Астаналық полиция «Оператор РОП» басқарушы директоры Руслан Шамшиевтің өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Алдын ала болжам бойынша ол өзіне қол салған», - деп жазды журналист.

Еске салайық, бүгін Антикор «Оператор РОП» ЖШС басқарма төрағасы Медет Құмарғалиев пен Экология вице-министрі Ахметжан Пірімқұловтың ұсталғанын мәлімдеген еді. Оларға дейін сыбайлас жемқорлықпен айналысты деген айып тағылған.