Қаңтар қырғынының артында кімдердің тұрғаны белгілі болды

Азамат Ахметов
Фото ашық дереккөзден

Қаңтардың 5-7 аралығында Қазақстанның бірнеше қаласында бүлік ұйымдастырып, жүздеген адамның өліміне себепкер болған экстремистік ұйым «Йакын Инкар» деп аталады. Бұл туралы «Хабар» телеарнасы түсірген «Қаралы қаңтар» деректі фильмінде айтылды.

«Ұсталғандардың арасында радикалды «Йакын Инкар» ұйымының өкілдері бар. Олардан қару-жарақ, оқ-дәрілер, діни кітаптар тәркіленіп алынды», - делінген аталған деректі фильмде.

Айта кетейік, «Йакын Инкар» ұйымына 2018 жылдан бері Қазақстанда тыйым салынға. Ол «Таблиги Джамаат» экстремистік ұйымының бір тобы болып есептеледі. Ұйымның басты мақсаты – халифат құру, ол мақсатқа жету үшін билікті күшпен құлату.