Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Денесінің 80% күйік шалған астаналық өрт сөндіруші Асқар Забикулин көз жұмды

Азамат Ахметов
Фото: ашық дереккөзден

16 қараша күні Астанада өртке оранған үш бөлмелі пәтердің тұрғындарын құтқарған өрт сөндіруші Асқар Забикулин бүгін, 20 қараша күні қайтыс болды.

Денесінің 80 пайызын күйік шалған ол Астана қалалық №1 көпсалалы қалалық ауруханасының реанимация бөлімінде ауыр хәлде жатқан еді. 

Төтенше жағдайлар министрлігі әріптестерінің қазасын хабарлап, оның отбасына көңіл айтты. Бұған дейін Мемлекет басшысының тапсырмасымен Асқардың отбасына жаңа пәтер берілген болатын.

Сізге қызықты болады