Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Қарағандыда екі автобус соқтығысып, бір адам көз жұмды

Азамат Ахметов

Қарағандыда жолаушылар тасымалдайтын қалалық бағдардағы №41 және №146 маршруттағы екі автобус соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан бір адам қайтыс болып, 4 адам ауыр халде жатыр.

«Жол-көлік оқиғасынан №41 бағдардағы автобустың жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды», - деп хабарлайды Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Профессор Х.Ж. Мақажанов атындағы көпбейінді аурухананың травматология бөлімшесінің меңгерушісі Берік Төлеубаевтың айтуынша, ауруханаға 18 адам жеткізілген, олардың төртеуі ауыр халде жатыр.

«Аурухана қызметкерлерінің шұғыл әрекет етуі арқасында ауыр науқастар стационарларға бөлінді. Жағдайы тұрақты ауыр делінген екі науқас оңтүстік-шығыс базасына жөнелтілді, ал жағдайы ауыр тағы екі науқас осында қалдырылды. Оларға операция бөлмесінде шокқа қарсы реанимациялық шаралар жүргізілді. Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы ауыр. Хирургтер мен басқа да дәрігерлер тарапынан қарқынды ем жүргізіліп жатыр», - деді Берік Төлеубаев.

Жол-көлік оқиғасы егжей-тегжейлі анықталып жатыр.

Сізге қызықты болады