Алматыда Ресейден келген азамат көлік ұрлап келген

Азамат Ахметов

Алматы полициясы көлік ұрыларын әшкереледі, деп хабарлайды qonaev.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция департаментінің мәліметінше, көліктерді Қостанай облысының 34 жастағы тұрғыны мен  Ресей Федерациясынан келген 33 жастағы ер азамат ұрлап келген. Олар бұған дейін екі рет бөттеннің мүлкін тонап істі болған.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктілер ұсталды. 34 жастағы Д.есімді азамат – негізгі айыпталушы. Ол көліктердің есігін ашып, рөлге отырған. 33 жылғы И.есімді азамат, ол көлік ұрлауға көмектескен. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қаскөйлердің қаланың Алатау және Наурызбай аудандарында екі Toyota Highlander көлігін ұрлап кеткендігі анықталды. Бұл көлік табылды және тәркіленді, заттай айғақ ретінде қылмыстық іс материалдарына тіркелді», – деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Сонымен қатар, ұрланған көліктердің бірін тексеру барысында арнайы тоғы бар бағдарламашы және ұсталған адамның суреті бар жалған көлік жүргізуші куәлігі, басқа да жеке деректері табылды және тәркіленді. Күдіктілер қамауға алынды.