Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Мәскеуде «Қазақстан аруының» мәйіті табылды

Азамат Ахметов

Мәскеу қаласындағы пәтерінен 37 жастағы Наталья Семагоның мәйіті табылды.

Айта кетейік, Наталья Семаго Қазақстанда туған және 2000 жылы еліміздегі «Қазақстан аруы» байқауын жеңіп алған. Оның денесі Ростов жағалауындағы пәтерінен табылды. Әйелдің өліміне не себеп болғаны әзірге белгісіз.

Бірақ, Telegram арналарының жазуынша, Натальяның жанында кішкентай бала болған. Дәл сол бала көршілерінен көмек сұрап, жедел жәрдем шақыртқан.

Марқұм Наталья Семаго Қазақстаннан Мәскеуге көшіп барып, жергілікті театрда жұмыс істеген. Сонымен қатар, бірнеше сериалдарға түскен.

Сізге қызықты болады