Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

«Досаев жаяу жүрмейді»: Алматыда Қонаев атындағы саябақтың әбден тозығы жеткен (ВИДЕО)

Азамат Ахметов
Nur.kz

Қоғам белсендісі Санжар Боқаев тағы да Алматы әкімін сынға алды. Қаладағы Д.Қонаев атындағы саябақтың тоз-тозы шықты деген блогер Ерболат Досаевқа кезекті үндеуін жолдап отыр.

Боқаев скверді күндіз де, түнде де видеоға түсіріп, онда жарықтың жоқ екенін көрсетті.

«Мен қазір облыстың бір жерінде жүрген жоқпын, Алматы қаласында Дінмұхамед Қонаевтың ескерткіші жанындамын. Тас қараңғы, мұнда жарықтандыру мүлдем жоқ», – дейді Боқаев видеороликте.

Саябақтың жайы күндіз де оңып тұрған жоқ екен.

«Плафондар жоқ, бәрі сынған, сымдары шығып тұр, мұнда балалар ойнайды, міндетті түрде оқыс оқиға болғанын күтіп отырамыз ба осылай? Досаев мырза жаяу жүрмейтін сияқты. Фонтандағы су әбден ластанған, ешқашан тазартылмағаны көрініп тұр», – деп суреттеді саябақтың қазіргі жайын Санжар Боқаев.

Есесіне Назарбаев атындағы саябақ әбден күтілген, көп ақша бөлінетіні көрініп тұр деп сөзін түйді қоғам белсендісі.

Сізге қызықты болады