Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Қайрат Нұртастың әйелі қоқыстан бесік тауып алып, егіліп жылады

Азамат Ахметов

Танымал әнші Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова қоқыстан бесік тауып алып, еріксіз көз жасына ерік берген. Бұл туралы актрисаның өзі Instagram-парақшасында жазды.

Кезекті түсірілімге бара жатқанда қоқыс жанынан өткен Әбдікәрімова алыстағы бесікке бірден көзі түсіпті. Көзге оттай басылғаны сонша, ол дереу көлікті тоқтатып, тау болып үйілген қоқыстың төбесіне жаяу жүгіріп шыққан екен.

«Елестей есімді жия алмай, сүрініп-шалынып, бесікке бардым. Артыма қарасам, әлгі кішкентай қыз жүгіріп келеді. Түсірілім тобы аң-таң. Сонда түсінгенім, ана жүрегі мен бала көңіліне қоқыстағы бесік оттай үрей берді. Көзімізден жас сорғалап, тамаққа өксік тығылды», - деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.

Қоқыста жатқан бесікті көргенде ол елімізде балаларға жасалып жатқан зорлық-зомбылықтың тым тереңде жатқанын түсініпті.

«Біз ұлт ретінде салт-дәстүрімізді ұмытып, киелі бесігімізді қоқысқа тастай бастаппыз. Неге? Қашан бұл күйге жеттік?» - деп таңданысын жасыра алмады Қайрат Нұртастың әйелі.

Жұлдыз бесікті өзімен бірге үйіне алып кеткен. Ал, оның әлеуметтік желідегі оқырмандары болса бұл оқиғаға қатысты әр пікір жазып жатыр. Бірі – Жұлдыздың әрекетіне тәнті болса, өзгелері мұны хайп деп актрисаның өзін айыптап отыр.м

Сізге қызықты болады