Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

«Арабтар қол жаймайтын қандай мазхаб?» Тоқаевтың Саудиядағы фотосына ақындар өлең жазды

Азамат Ахметов

Биыл 18 шілдеде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясына жұмыс сапарымен барып, Медина қаласындағы Мұхамед пайғамбар (с.ғ.с.) мешітінде болған еді.

Осы сапарда жасалған фотосуреттердің бірінде Президенттің дұға етіп, бет сипаған сәті бейнеленген. Алайда, оның жанында тұрған саудиялық шенділердің бірі дұға бағыштауға қосылмапты. Бұл жағдайды байқаған отандық кейбір ақын азаматтар әлеуметтік желіде өлең жолдарын жазды.

Мәселен, журналист әрі ақыг Еркеғали Бейсенов былай дейді:

Жүрсе де діннің ішін талмай ластап,
Келеміз ағымдарды алмай жасқап.
Десек те біз ұстанған осы күні,
Арабтар қол жаймайтын қандай мазһаб?

Ал, тағы бір журналист, «Сақшы» газетінің бас редакторы Ескендір Зұлқарнай өзінің өлең шумағында арабтардың уахабилік ағымды ұстанатынын тұспалдаған.

Тақырыбың орынды қозғап жатқан.
Діни ағым – мәселе көп зарлатқан.
Уахабилік сенімді ұстап жүрген
Ол арабың тыс халық төрт мәзһабтан.

Бетпердесін ашайын нағыз шынның.
Қалып жүрген астында ауыр сынның,
Бұл арабтың исламы – нәтижесі
Мұсылманға жік салған ағылшынның...

- деп қысқа қайырды ол.

 

Сізге қызықты болады