Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Өзбекстандағы халықаралық жастар фестивалінде Қазақстанның туын қызылға бояп қойған

Азамат Ахметов

Өзбекстанда 27-29 шілде аралығында жастардың халықаралық фестивалі өтіп, ұйымдастырушылар Қазақстан туындағы ою-өрнекті қызыл түске бояп қойған. Бұл туралы шымкенттік белсенді Данара Саранова өзінің Facebook-парақшасында жазды.

Оның айтуынша, ұйымдастырушылар мұндайға байқаусызда қателесіп жол берген екен. Алайда, Қазақстан делегациясын бастап барған «Жастар рухы» жастар қанаты (AMANAT партиясы жанындағы) туды ауыстыртудың орнына, көппен бірге оның аясында фотосуретке түскен.

«Өзбекстандық ұйымдастырушылар қателескен, сол үшін ауызша ғана кешірім сұрады. Бірақ, біздің делегация жағдайды түзеуге болар еді ғой, іс-шара үш күн бойы өтті», - деп жазды Д.Саранова.

Ұйымдастырушылар Қазақстан тарапынан ресми кешірім сұрамаған. Бір елдің рәмізін «қорлағандар» да ешқандай жазаға тартылмапты. Ал, «Жастар рухының» жастары болса осы ту бейнеленген фотоусерттерді өз аккаунттарына орналастырған.

«Бұдан кейін жастардың патриоттығы туралы не айтуға болады?» - деп ашынды белсенді қыз.

Сізге қызықты болады